{metadescription}
Бұрынғы энергетика вице-министрі ұсталды

Бұрынғы энергетика вице-министрі ұсталды

Бұрынғы энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев ұсталды.

Маңғыстау облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі аумақтық департаментінің жедел-тергеу тобы Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевты, электрондық сауда алаңдарының басшыларын және Маңғыстау облысындағы сұйытылған мұнай газының бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар тұлғаларды ұстады. Бұл туралы ҚР ҚМА баспасөз қызметі хабарлайды.

Ж.Қарағаевқа қатысты сот қаулысымен тергеу органы сайлаған және облыс прокуратурасы қолдаған екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде