Қаза тапқан полицейлердің отбасына қанша өтемақы төленеді
Ерлікпен қаза тапқан құқыққорғаушылар II және III дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды. Олардың отбасына жан-жақты көмек көрсетілді.
10:22 18.01.2022
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған полицейлердің отбасына қандай қолдау көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik.
Министр қаңтарда террористер қолынан полицейлер мен Ұлттық ұланның 8 қызметкері қаза тапқанын, ал 2911-і жарақат алғанын мәлімдеді. Ерлікпен қаза тапқан құқыққорғаушылар II және III дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды. Олардың отбасына жан-жақты көмек көрсетілді.
"Одан бөлек, заң бойынша қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасына 5 жылға ақшалай өтемақы, жерлеу үшін 3 айлық өтемақы төленеді", - деді Тұрғымбаев үкімет отырысында.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған полицейлер мен әскерилердің отбасы баспанамен қамтамасыз етілетінін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі міндеттерін өтеу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің, құқыққорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің балаларына университетте оқу үшін білім грантын беру ұсынылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!