ҰҚШҰ әскері Қазақстаннан толық кетті
Бұл туралы ҰҚШҰ бітімгершілік миссиясының аяқталуы туралы брифигте СІМ еуразиялық интеграция департаментінің директоры Александр Синяговский мәлімдеді.
14:57 19.01.2022
«Қазіргі таңда Қазақстан бастамашылық еткен ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің миссиясы сәтті аяқталды. Қазақстанның ресми өтінішінің негізінде ҰҚШҰ барлық елдері қойған құжаттарға сәйкес 13 қаңтардан бастап ҰҚШҰ шығарылуы басталды», - деді СІМ еуразиялық интеграция департаментінің директоры Александр Синяговский.
Сондай-ақ ол елімізге келген бітімгерлер өз миссиясын сәтті аяқтап, өз елдеріне оралуда екенін жеткізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!