{metadescription}
Жарылғыш заттар тиелген көлік жарылып, 17 адам қаза тапты

Жарылғыш заттар тиелген көлік жарылып, 17 адам қаза тапты

Гана елінің батысында шахталардың бірінде жарылғыш заттар тасымалдап келе жатқан жүк көлігінің жарылуы салдарынан кем дегенде 17 адам қаза тауып, тағы 59-ы зардап шекті.

«Бейсенбі күнгі сағат 17:00-дегі жағдай бойынша 17 адамның өлімі расталды, зардап шеккен 59 адамға медициналық көмек көрсетілді», - деп мәлімдеді Гананың Ақпарат министрі Коджо Оппорг Нкрума.

Бұған дейін Гананың «График» жаңалықтар порталы жүк көлігінің Чирано кентінің жанындағы шахтаға апара жатқанын хабарлады. Ол Апиате қаласының маңында жолда мотоциклмен соқтығысқан. Оқиға куәгерлерінің сөзінше, жарылысқа жол апатынан кейін жүк көлігінің өртенуі себеп болды. Жарылыс салдарынан жаңын маңдағы бірнеше ғимарат құлаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.