{metadescription}
Коронавирус пен пневмониядан 13 науқас көз жұмды

Коронавирус пен пневмониядан 13 науқас көз жұмды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады.

22 қаңтардағы мәлімет бойынша, 135 963 адам коронавирус инфекциясынан (134 456 КВИ+ және 1 507 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 9 241 пациент стационарда, 126 722 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. Қазақстан аумағында 11 адам - коронавирустан, тағы 2 сырқат - пневмониядан қайтқан.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

  • 405 адамның жағдайы ауыр,
  • 104 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 57 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

Коронавирустан ажал құшқандардың ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында - 4 адам. Пневмониядан 2 адам өлген.

Сондай-ақ, Алматы қаласында - 3, Шымкент қаласында - 2, Ақтөбе және Атырау облыстарында - бір адамнан көз жұмды.

Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 мамыр

Қазір эфирде