Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Елорда тұрғыны қызын балабақшада ұрып-соққанын мәлімдеді
Нұр-Сұлтан полициясы қала тұрғындарының бірі баласын балабақшада ұрып-соққанын айтқаннан кейін қылмыстық іс қозғады.
17:10 22.01.2022
Бұған дейін әлеуметтік желіде жарақат алған баланың суреті жарияланды. Жазба авторының айтуынша, 12 қаңтарда анасы қызын жекеменшік балабақшадан алып кеткен. Үйге келгеннен кейін баланың денесі көгеріп қалғанын байқаған. Әйел құқық қорғау органдарына арызданған, алайда, оның айтуынша, іс қаралмай жатыр. Қыздың анасы әлеуметтік желіде видеоүндеу жасады.
"Қызым екі жасқа да толмаған. Оны балабақшадан алғаннан кейінгі түрін көріп, шошып кеттім. Білектері көгерген, мойнында қылқындыру іздері бар. Көрген адамдар әлі күнге дейін үнсіз отыр", - деді Нұр-Сұлтан тұрғыны Марина.
Оның айтуынша, бұған дейін балада мұндай жарақат іздері болмаған. Бірақ 10, 11 және 12 қаңтар күндері қыз балабақшаға барғысы келмеген. Маринаның айтуынша, қыз әлі сөйлемейді.
Оқиғаға байланысты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті пікір білдірді.
"Жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - деді департаменттен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram