{metadescription}
Сенат мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігін жоюды ұсынды

Сенат мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігін жоюды ұсынды

Сенаторлар мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігін жоюды ұсынады.

Бұл норма бүгін палатаның жалпы отырысында сенаторлар қараған «Тұңғыш Президент - Елбасы туралы» Конституциялық Заңда жазылған.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заң жобасын, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын қарады. 

Осы орайда депутаттар «Қауіпсіздік Кеңесі туралы» және «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңдарға бұрын ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды талқылады. Түзетулерде Елбасының Қауіпсіздік Кеңесінде және Қазақстан Халқы Ассамблеясында өмір бойы төрағалық ету құқығының күшін жою көзделеді.

Жоғарғы Палата депутаттары мәжілісмендердің бұрын айтылған барлық өзгерістерін мақұлдады. Бірақ, өз түзетулерін ұсына отырып, заң жобасын төменгі палатаға қайта қарауға қайтарып отыр.

«Сенаторлар заңнамаға енгізіліп отырған мемлекетіміздің Қауіпсіздік Кеңесін, Қазақстан Халқы Ассамблеясын Мемлекет басшысы өзінің қызметіне сәйкес басқаруы тиіс деген өзгерістерді қолдады. Сонымен қатар заңды талқылау барысында бір норма енгізіліп отыр. Ол – «Тұңғыш Президент туралы» заңнан мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты бастамаларды Елбасымен келісілуге тиіс деген норма алып тасталып отыр. Сондықтан да Сенат заңнамаға енгізілген өзгерістерді тұжырымдамалы түрде қолдап, бір өзгеріспенен Мәжіліске қайтарып отыр»,- деп атап өтті сенатор Ләззат Сүлеймен.

Енді бұл түзетуді Мәжіліс депутаттары қарайды және қабылданған жағдайда Заң жобасы Президентке қол қоюға жіберіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 мамыр

Қазір эфирде