Eкі темір жол станциясының басшылары қызметінен босатылды
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пен "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басшысы Нұрлан Сауранбаев жұмыс сапарымен "Қорғас" АЭА-ға барды.
17:05 27.01.2022
Жамаубаев пен Сауранбаев KTZE-Khorgos Gateway порты, "Нұр жолы" және "Алтынкөл" өткізу бекеттері жұмысын тексергені хабарланды. Сапар барысында теміржол станциясының екі басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.
"Жұмыс сапары барысында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен кездесу өтіп, онда Қазақстан-Қытай шекарасында бизнес жүргізудің ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды. Сапар нәтижесінде "Достық" және "Алтынкөл" шекаралық теміржол станцияларының басшылары қызметтерінен босатылды", - деді баспасөз қызметі өкілдері.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!