{metadescription}
Қазақстандық ММА шебері әлем чемпионатының жүлдегерін нокаутқа түсірді

Қазақстандық ММА шебері әлем чемпионатының жүлдегерін нокаутқа түсірді

Қазақстандық спортшы Бекзат Жасия қарсыласын ұрып құлатты, төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болды.

Абу-Дабиде өтіп жатқан аралас жекпе-жектен әлем чемпионатының жартылай финалында қазақстандық Бекзат Жасия мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Бұл туралы Қазақстанның біріккен ММА федерациясы хабарлады. Қазақ спортшысы әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері швед Даниял Шамхаловты нокаутқа түсірді.

Спортшылар 65,8 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шығу үшін күш сынасты. Жасия қарсыласын ұрып құлатып, соққының астына алды. Шамхаловтың есеңгіреп қалғанын көрген төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 мамыр

Қазір эфирде