{metadescription}
Кәсіпорындар колледждерді қамқорлығына алуы керек – Премьер-Министр

Кәсіпорындар колледждерді қамқорлығына алуы керек – Премьер-Министр

Барлық жерде кәсіпорындардың колледждерді өз қамқорлығына алуын жолға қою керек, Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов осындай тапсырма берді.

«Барлық жерде кәсіпорындардың колледждерді өз қамқорлығына алуын жолға қою керек. Колледждер тек жастарды ғана емес, жұмыс берушілер мен инвесторларды да өзіне тартып, дәстүрлі бағдарламалармен қатар қысқа мерзімді оқыту бағдарламаларын ұсынуы тиіс», - деді Үкімет басшысы. 

Оның айтуына қарағнада, Қазақстан жұмысшы мамандардың тапшылығын сезініп отыр.

«Сондықтан, мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру барысында әкімдіктер мен Білім министрлігі осыны ескеруі тиіс. Яғни, әр өңірдегі белгілі бір жұмысшы мамандықтарға деген қажеттілік ескерілуі керек. Ең бастысы колледждер мен универсиеттердің түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие болуы керек. Қазіргі таңда дәл осы еңбек нарығындағы сұраныс пен оның перспективалық болжамы кадрлар даярлаудағы негізгі фактор болып табылады», - деді Әлихан Смайылов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде