Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
«Қазавтожол» басшысы қызметінен кетті
Асқар Мұратұлы «Қазавтожол» төрағасы қызметінен босатылды.
15:03 01.02.2022
Бұл туралы компания басшысы Асқар Мұратұлы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазды.
«Бүгін менің «Қазавтожол» ұлттық компаниясындағы соңғы жұмыс күнім. Ең бастысы – осы уақыт аралығында жүзеге асқан барлық жобалар менің әріптестерімнің жемісті еңбегі деп білемін», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасына.
Асқар Мұратұлы «Қазавтожол» төрағасы қызметіне тағайындалғанға дейін екі жыл Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. 1998-2002 жылдары көлік және коммуникация министрлігінде жетекші маман, кейін автомобиль жолдары комитетінің бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.
2012-2015 жылы Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болған.
2015 жылдан 2017 жылға дейін Зеренді ауданының әкімі болып жұмыс істеді.
2017-2019 жылдары Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram