Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ит коронавирустан көз жұмған иесін үш айдан бері күтіп жүр
Кемерово қаласының (Ресей) Киров ауданында коронавирус жұқтырғандарға арналған аурухананың алдында үш айдан бері ит отыр.
19:47 01.02.2022
Ол аурухана есігінен иесі шығады деп күтуде. Алайда жұрт Хатико деп атап кеткен жануардың егесі дерттен қайтыс болған. Иттің иесі осыдан бірнеше ай бұрын коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскен. Біраз уақыттан кейін көз жұмған. Алайда жануар оны түсінбейді.
"Төбет агрессияшыл емес, аурухананың алдынан жылжымайды. Итті өзіммен алып кеткім келді, бірақ ол маған келмеді. Кері қарай қашады, болды. Итке жақсы қарағаны көрініп тұр", - деді Кемерово тұрғындарының бірі.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram