Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Нұр-Сұлтанның бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды
Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова жаңа қаулыға қол қойды.
20:08 01.02.2022
Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің жаңлы қаулысы бойынша «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандар саны қысқарды.
Қаулыда «Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралар туралы»2022 жылғы 21 қаңтардағы № 21» қаулысындағы 4-тармақтың 4.1-тармақшасы өзгертілетіні айтылған.
Атап айтсақ, «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандардың тізімінен «әуежайлар» деген тармақ пен «жобаға ерікті қатысушылар» деген тармақ алынып отыр. Яғни, келушілердің «Ashyq» жобас ыбойынша қабылдайтын нысандардың тімізі мынадай:
1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
2) спа-орталықтары;
3) моншалар, сауналар, бассейндер;
4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
5) боулинг клубтары;
6) кинотеатрлар;
7) театрлар мен филармониялар;
8) стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, банкет залдары;
9) асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;
10) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
11) облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;
12) бильярд клубтары;
13) концерт залдары;
14) караоке;
15) көрмелер;
16) океанариум;
17) марафондар;
18) көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
19) лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
20)балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары;
21) цирктер;
22) отельдер, қонақ үйлер;
23) халыққа қызмет көрсету орталықтары;
24) теміржол вокзалдары және автовокзалдар;
25) (жабық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері^
26) (сауда алаңы 6000 ш.м-ден астам азық-түлік, сауда алаңы 1000 ш.м-ден астам азық түлік емес) сауда желілері;
27) балаларды сауықтыру ұйымдары (жұмыскерлер (персонал) үшін);
28) букмекерлік конторалар;
29) сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;
30) барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін);
31) спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;
32) білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін);
33) діни объектілер;
34) ойын клубтары (казино);
35) түнгі клубтар;
36) банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері.
Құжаттың толық мәтінін мына жерден көруге болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram