Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
СҚО жолдарында қаңтар айынан 6 адам қаза тауып, 20-сы жарақаттанды
Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан жол жүрісі қағидаларын бұзудың 3 мыңға жуық дерегі тіркелді.
09:24 03.02.2022
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 қаңтар сағат 17.30 шамасында Петропавлдағы Я.Гашек көшесінде полицейлер «Лада» автокөлігін тоқтатты. Көлік тізгінінде 38 жастағы қала тұрғыны болған. Тексеріс барысында ер адамның бұрын көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды, бұған қарамастан ол көлікті басқаруды жалғастырып келген. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігі «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы» бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Әкімшілік материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Жалпы, қаңтар айының басынан облыста жол жүрісі қағидаларын бұзудың 2687 дерегі анықталды. 346 жүргізуші жылдамдықты асырған, 277 адам қауіпсіздік белдігін пайдаланбаған. Көлікті алкогольдік немесе есірткілік мас күйде жүргізгені үшін 51 автокөлік иесіне айыппұл салынды. Көлік жүргізу кезінде 120 жүргізуші телефонмен сөйлескен, 215 жүргінші жолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп, жол жүрісі қағидаларын бұзған.
«Петропавл қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 19 қаңтардан бастап облыста өткізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс істеп жатыр. Жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол үстінде сақ болуға болуға және жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырамыз. Қаңтар айының басынан СҚО-да 15 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 6 адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды», – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram