{metadescription}
Алматы облысында мародерлікке қатысты деген күдіктілер ұсталды

Алматы облысында мародерлікке қатысты деген күдіктілер ұсталды

Алматы облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде дүкен тонады деген күдікпен 3 адам ұсталды.

Алматы облыстық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қаңтар айының басында болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде «Молл Апорт» дүкенінен ұялы телефондар ұрлады деген күдікпен 3 ер адамды ұстады. 

«Шұғыл-іздестіру шараларының барысында Алматы облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының полицейлері біздің өңірдің тумалары болып табылатын 21 жастағы 3 күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта 32 жастағы зардап шегуші 16 дана ұялы телефоны ұрланғанын мәлім етуде. Ұсталған тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс жүргізу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жариялануға жатпайды», - деді Криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Данияр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.