{metadescription}
Фискалды түбіртектің заңдылығын қалай тексеруге болады

Фискалды түбіртектің заңдылығын қалай тексеруге болады

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған түбіртектерді жасауға болатыны туралы алып-қашпа хабарламалар таратылып жүр.

Осыған орай ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау-касса машинасы түбіртегінің заңдылығын тексеру мүмкіндігін түсіндіріп берді.

Ведомство мәліметінше, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 166-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi. Бақылау-касса машиналарының модельдері мемлекеттік тізілімге енгізіледі және олардың деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар. 

Өз кезегінде Салық кодексінің 166-бабы 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының түбіртегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады. 

Қазіргі таңда, https://consumer.oofd.kz/ сілтемесі бойынша фискалдық деректер операторларының, https://kgd.gov.kz/ru/services/kkm_check сілтемесі бойынша ҚР ҚМ МКК ресми сайтында және https://egov.kz/wps/portal/paymentSearch сілтемесі бойынша «электрондық үкімет» порталында берілген бақылау-касса машинасы түбіртегінің заңдылығын тексеру мүмгіндігін бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.