{metadescription}
«Е-құрылыс» жүйесі тұрғын үй бағасын қалай реттейді

«Е-құрылыс» жүйесі тұрғын үй бағасын қалай реттейді

Құрылыс және тұрғын үй-коммуалдық шаруашылық істер комитеті төрағасының орынбасары Алмаз Ыдырысов бұдан былай құрылыстың сапасы мен бағасы қалай реттелетінін түсіндірді.

Индустрия және финрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі ұсынған мәлімет бойынша, ведомство қоғам тарапынан құрылыстың сапасына айтылатын сындарды ескере отырып, саланы цифрландыруды қолға алып отыр. 

«Қоғамда «ғимараттарды салу 100 пайыз технологияны сақтап, норматвиктерге сай жүргізілмейді», «құрылыс маьериалдарының сапасы бақыланбайды» деген сын бар. Ал цифрландыру осындай тәуекелдерді азайтады», - деп жазылған министрліктің мәліметінде. Соның аясында «Е-Құрылыс» жүйесі іске қосылмақшы

Алмаз Ыдырысовтың айтуынша, «Е-құрылыс» жобасының өзі жобалық-сметалық құжаттан тұрады.

«Ең бірінші ол жерге сараптамадан өткен жобалық смета енгізіледі. Бұл жүйе бірінші мемлекеттік нысандарда тексерістен өтеді. Ол жерде жалпы құрылыс сметасының шекті құны көрсетілгендіктен, жүйе бағаны асыруға жол бермейді. Мысалы, темірбетон құнын сметалық құжатта бір бағамен көрсетіп, төлеген кезде басқа бағаны қолдануға жүйе рұқсат етпейді. Е-құрылыс жүйесі барлық процестерді цифрландыруға мүмкіндік береді. Технологиялық жүйелілікті сақтай отырып, нормативтік құжаттарда көрсетілген тәртіпті қамтамасыз етеді», -дейді комитеті өкілі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.