Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
17 жасқа толмаған балалар ел ішінде тегін ұша алады
Қазақстанда 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаулы күшіне енді, оған сәйкес екі жастан 17 жасқа дейінгі балалар ұшақта тегін ұша алады.
14:34 03.02.2022
Қаулының негізгі мақсаты – қазақстандықтардың отбасы болып еліміздегі курорттарда демалуын ынталандыру. Ол үшін мемлекет екі жастан 17 жасқа дейінгі балаларға сатып алынған авиабилеттердің құнын субсидиялайды. Ақша туристік өнім ішінде сатып алынған әуе билеттері үшін қайтарылады.
"Енді балалар Қазақстанның кез келген жеріне тегін ұша алады. Жалғыз талап – демалыс ұзақтығы қандай болса да, билетті туристік агенттен сатып алу қажет. Билеттің құнын алдымен туристік компания төлейді", - деп хабарлады Kazakh Tourism.
Осылайша балаларға билетті тегін алу шарттары жеңілдетілді: бұрын Қазақстанның 10 курорттық бағыты бойынша және ұзақтығы кемінде төрт түн болатын демалыс үшін билет құнын өтеу жоспарланған.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram