Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
2022 жылы ҰБТ тапсыруда қандай өзгерістер болады
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ-ның дайындық тестінің құнын төмендетуді тапсырып, емтихан тапсыруда түлектердің үстелдеріне қосымша камера орнатылатынын айтты.
16:12 03.02.2022
Министр биыл қауіпсіздікті, сондай-ақ, тестілеудің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін жаңа тәсілдер енгізіліп жатқанын айтты.
"Жаңалықтардың бірі - қосымша камера орнату. Бұған дейін бір камера болса, қазір екінші камера орнатылады, ол жеке басын сәйкестендіреді. Сонымен қатар, белгілі бір уақыт өткеннен кейін компьютерде кім отырғанын тіркейді", - деді министр аппараттық кеңес барысында.
Сонымен бірге Асхат Аймағамбетов сынақтан өту бағасын бір аптада екі рет төмендетуді тапсырды.
"Тестілеудің өзі тегін, ал сынақ тесттері ақылы өтеді. Сынақтардың белгіленген бағаларын өзгерту қажет. Сондықтан бүгін тестілеудің барлық осы түрі бойынша құнды екі есе төмендетуді тапсырамын. Бір апта ішінде бұл шешімді жүзеге асырып, баяндау қажет", - деді ол.
Басқармадағылар қазір тесттің құны 2917 теңге екенін айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram