{metadescription}
ШҚО-да белгісіз біреу мектепке «бомба қойды»

ШҚО-да белгісіз біреу мектепке «бомба қойды»

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында полицейлерге мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар түсті.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алтай аудандық полиция бөліміне қоңырау шалған белгісіз азамат мектептердің біріне бомба қойылғандығы туралы хабар берген.

«Тәртіп сақшылары дереу оқиға орнына аттанды. Алайда бұл хабар жалған болып шықты. Тексеру барысында білім ордасынан ешқандай жарылғыш зат табылмаған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабына (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта жалған хабар берген адамның кім екені анықталып жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.