{metadescription}
Әкесі ұлы үйленбегендіктен өз-өзіне қол жұмсамақ болған

Әкесі ұлы үйленбегендіктен өз-өзіне қол жұмсамақ болған

Қытайдың Шанхай қаласында ауруханалардың біріне өз-өзіне қол жұмсамақ болған 55 жастағы ер адам жеткізілген.

Оқиға темір жол станцияларының бірінде болған. Күзетшілер оның қалтасынан мұндай әрекетке баруына ұлының отбасы құрмауы себеп болғаны жазылған хат тапқан. Ер адамның 29 жастағы ұлы әлі үйленбеген көрінеді. Осы себепті ер адам "немересіз әрі масқара күйде өмір сүруге мәжбүр" болған. 

"Менің жасымдағы барлық адамдардың балалары мен немерелері бар. Ал сен 29 жастасың. Ештеңеге қол жеткізген жоқсың", – деп жазған ол өз хатында. 

Қытайда кәмелеттік жасқа толған соң бірден отбасы құру дұрыс болып саналады. Алайда қазір жастардың басым бөлігі алдымен кәсіби мансабын қалыптастыруды мақсат етіп, отбасы құруды кейінге қалдыратын болған. Осының салдарынан жастар қоғам және ата-анасының қысымына ұшырап, өзі сүймейтін адаммен отбасы құруға мәжбүр болады.

Дереккөз: Stan.kz       

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.