{metadescription}
Биыл Ақмола облысында 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Биыл Ақмола облысында 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Биыл Ақмола облысында 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын, оның ішінде 8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құру есебінен жұмыссыздық деңгейін төмендету жоспарланған.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы негізгі жұмыс жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға, нәтижелі жұмыспен қамтуды дамытуға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған.

Өткен жылы Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру жалғастырылды, ол жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, қосымша жұмыс орындарын құруға және азаматтардың табысын арттыру.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында Целиноград ауданы Төңкеріс ауылындағы 110 орындық модульдік мектеп сатып алынды. Бұдан басқа, 3 мың орындық 4 мектептің, 2 балабақшаның, колледж студенттеріне арналған 3 жатақхананың, ХҚКО әкімшілік ғимаратының құрылысы бойынша 10 жоба іске асырылды. Аталған нысандардың құрылысын аяқтау 2022 жылға жоспарланып отыр. Сондай-ақ 377 уақытша жұмыс орны құрылды.

«Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы 2022 жылға арналған негізгі міндеттер белгіленді. Нақтырақ айтсақ, 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын, оның ішінде 8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құру есебінен жұмыссыздық деңгейін төмендету жоспарланған. Сонымен бірге, жұмыссыз халықты, оның ішінде жастарды нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту шеңберінде Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту көзделген.

Бұдан бөлек, 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасының 10 өтпелі жобасын уақтылы іске асыру, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау көрсету және әлеуметтік көмек көрсету бойынша уақтылы жұмыс жүргізу міндеттері бар», - деп атап өтті Ақмола облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бөлім басшысы Азамат Жанбеталин.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.