Банкрот жөніндегі басқарушы пара алып ұсталды - ҚМА
Қостанайда банкрот жөніндегі басқарушы пара алып ұсталды.
12:04 04.02.2022
"Қостанай облысы қаржы мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті дебиторлар тізіліміне енгізілгені үшін компанияның банкрот жөніндегі басқарушысы коммерциялық ұйымның бас директоры мен құрылтайшысынан 100 миллион теңге мөлшерінде ақша талап еткенін анықтады", - делінген хабарламада.
Агенттік мәліметінше, күдікті ЖШС бас директоры мен құрылтайшысынан бұрын келісілген соманың жартысын, яғни 50 миллион теңге алған кезде ұсталды. Қостанай қаласының тергеу соты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
"Коммерциялық пара алу дерегі бойынша тергеу жалғасады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды", - делінген хабарламада.
Дереккөз: tengrinews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары