{metadescription}
Алматыда тағы 3 мың камера орнатылады

Алматыда тағы 3 мың камера орнатылады

Алматыда тағы 3 мың бейнекамера пайда болады.

2022 жылғы 4-7 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 75 "Сергек" кешені - бұл 304 бейнекамера, сондай-ақ РТРК ғимаратында орналасқан орталық байланыс орталығы, антенна және желілік жабдық істен шықты, делінген полиция мәліметінде. Барлық зақымдалған камера мен жабдық қалпына келтірілген. 1 103 камераны қамтитын "Бейнебақылау жүйелері" жобасы бойынша жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 283 камера, сондай-ақ қосымша жабдықтар істен шыққан. Қазіргі уақытта бейнекамералар мен зақымданған қондырғылар қалыпты жұмыс істеп тұр.

Полиция Бірыңғай бейнебақылау жүйесін дамытуды жалғастыруды жоспарлап отыр. Алдағы уақытта үш мың бейнебақылау камерасы орнатылатыны айтылды.

"Егер бұрын тек жол қозғалысы қауіпсіздігі ПД ЖБО арқылы бақыланатын болса, 2020 жылдан бастап орталық адам көп жиналатын жерлердегі, аулалардағы, полиция пункттеріне іргелес аумақтардағы қозғалысты бақылайды. Алдағы 2 жылда қаладағы барлық жағдайды көру үшін камераларды сауда орталықтарымен және басқа да жекеменшік нысандарымен біріктіруді жоспарлап отырмыз", - деді Алматы қалалық ПД ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы Ольга Агафонова.

Дереккөз: Polisia.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.