{metadescription}
Алматыда қару-жарақ дүкенін тонаған екі қылмыскер ұсталды

Алматыда қару-жарақ дүкенін тонаған екі қылмыскер ұсталды

Алматыда қару-жарақ дүкенін тонаған ұрылар қаладағы жоғары оқу орындарының екі студенті болып шықты.

«Бұл Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары. Олар 20 жаста. 6 қаңтарға қараған түні қаскөйлер қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан. Олар ол жерден қару-жарақ, оқ-дәрі, арнайы техника және басқа да құрылғыларды ұрлаған. Күдіктілер кінәларын мойындап, қылмысты қалай жасағандарын айтып берді. Олар қамауға алынды. Сотқа дейінгі тексеру жалғасуда», – деді Медеу аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

Спикердің айтуынша, ұсталғандардың жеке басы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде орын алған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.