Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Cу тасқынынан 27 адам мерт болды
Эквадор астанасы Кито қаласында дүйсенбі күні толассыз жауған жаңбырдан ауқымды су тасқыны болып, кем дегенде 27 адам қаза тапты.
16:43 05.02.2022
Бұл туралы жұма күні қала әкімшілігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«27 адам қаза тауып, 55-і жарақат алды (41-і ауруханадан шықты, 14-і ауруханада жатыр, бірі ауыр халде), екеуі із-түзсіз жоғалғандар қатарында», - делінген әкімшіліктің Twitter-дегі хабарламасында .
Бұған дейін 23 адамның мерт болғаны хабарланған еді. Дүйсенбі күні Эквадор астанасында толассыз жаңбыр жауып, салдарынан маңызды жолдар жабылып қалды. Су тасқынынан бірнеше ғимарат зақымдалып, элект қуаты сөнді. Құтқарушылар зардап шеккен аудандарда жұмыс істеп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram