{metadescription}
Ақмола облысында гараж өртеніп, алты көлік жанып кетті

Ақмола облысында гараж өртеніп, алты көлік жанып кетті

Бурабай ауданының Щучье қаласында блок-контейнер типіндегі гараж өртенді.

Өрттің салдарынан алты «Газель» автокөлігі жанып кетті. Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 ақпанда сағат 08:08-де Щучье қаласында модульдік блок-контейнер типіндегі гараждан өрт шыққан.

«Гараж ғимараты жалпы ауданы 290 шаршы метр болатын төрт металл контейнерден тұрады. Өрт 08:47-де ауыздықталып, 09:22-де сөндірілді. Өрт салдарынан алты «Газель» автокөлігі жанып кетті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деп хабарлады ведомстводан.

Құтқарушылар хабарлағандай, өрт сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 20 адам және 4 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.