{metadescription}
Қызылорда облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қызылорда облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қызылорда облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Шымкент-Самара» тас жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада 1240-2057 шақырым аралығында барлық көлік қозғалысына шектеу қойылатыны айтылған. Бұл Ақтөбе облысынан Түркістан облысына дейінгі аралықты қамтиды.

«Қызылорда облысында күн бұзылғаны байқалды. Ауа температурасы төмендеді. Қар жауып, көктайғақ болуда», - деп жазылған хабарламада.

Департамент мамандары азаматтардан жол жүргенде барлық қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігін ескертеді. Еске салсақ, 6 ақпанда Қызылорда қаласында көктайғақ жол қатынасын қиындатқанын хабарлаған едік.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.