Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Грекия тауларында үш альпинист өлі табылды
Грекиядағы танымал Калаврита тау шаңғысы курортының жанында үш альпинист өлі табылды.
Фото: ©REUTERS
11:28 07.02.2022
Афина ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 5 ақпан күні 40, 49 және 56 жастағы үш ер адам із-түзсіз жоғалған. Олар биіктігі 2355 метр Гельмос тауына шығу үшін Калавритадан таңертең шыққан. Ведомствоның хабарлауынша, тікұшақтардың қолдауымен 22 өрт сөндіруші бірнеше сағат бойы іздеу жұмыстарын жүргізді. Ер адамдардың мәйіттері кейбір заттары тікұшақтан көрінгеннен кейін табылған, оларды анықтау үшін ауруханаға жеткізілді.
Туристердің өліміне қар көшкіні себеп болғаны анықталды. Бұған дейін әлемге әйгілі оңтүстіккореялық альпинист Пәкістан тауларында өрмелеу кезінде жоғалып кеткен болатын.
Дереккөз: tengrinews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram