{metadescription}
Қазақстанда көші-қонға қатысты кейбір қызметтер Еңбек министрлігіне жүктелді

Қазақстанда көші-қонға қатысты кейбір қызметтер Еңбек министрлігіне жүктелді

Қазақстандықтар ендігі уақытта көші-қон мәселесіне қатысты кейбір қызметтерді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен алады.

Бұл туралы ҚР ІІМ көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов мәлім етті.

«2021 жылғы 19 шілдеде Мемлекет басшысы «ҚР мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды. Оны жүзеге асыру барысында тиісті заң күшіне енді. Осылайша, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ішкі істер министрлігінің көші-қон саласындағы 20 функциясы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді. Атап айтқанда, халық көші-қоны саласындағы ведомствоаралық үйлестіру осы ведомствоға өтті. 2022 жылдың қаңтар айына дейін бұл мәселемен 2 департамент айналысқан еді. Көші-қон процестерінің мониторингі де енді біздің құзыретімізде емес. Ол дегеніміз - шетелдіктердің кіріп-шығуына, олардың ел аумағында жүріп тұруына, қызметіне талдау жасау», - деді Сабыржан Сейітжанов министрлікте онлайн өткен баспасөз мәслихатында. 

Сондай-ақ, спикердің сөзінше, көші-қон процестерін реттеу және мониторинг саласындағы шаралар жүйесін әзірлеу деЕңбек министрлігіне беріліп отыр. 

«Тағы бір функция - босқындармен жұмыс. Ол пана іздеушіге куәлік беру, босқын мәртебесін тағайындау, ұзарту, айыру және тоқтатуды қамтиды. Сол сияқты еңбек иммигрантына рұқсат беру қызметі бар. Шетелдіктер үшін жұмыс істеуге рұқсаттың барлық қалған түрлерін жергілікті атқарушы органдар береді. Бұл функцияның берілуі Қазақстан аумағында шетелдіктерге рұқсат беруді бір мемлекеттік органға шоғырландыруға мүмкіндік берді», - дейді ол. 

Оның айтуынша, еңбек кодексіне, «Босқындар туралы», «Халықтың көші-қоны туралы», «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» және «Ішкі істер органдары туралы» заңдарға өзгерістер енгізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.