{metadescription}
Алматыда коронавирус жұқтырған 114 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Алматыда коронавирус жұқтырған 114 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Алматыда коронавирус жұқтырған 1 554 науқас ем қабылдап жатыр.

Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті. 6 ақпан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1146 адам коронавирус жұқтырған. 

Барлық емделіп шыққандар – 33, келіп түскені – 97. 

«Инфекция стационарларында 1 554 адам бар (төсек-орын 3310 ). Оның ішінде 110 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен. 

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 114 адам жатыр. 

Ал 24 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 38 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 27 аппарат жұмыс істейді. 

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 8553 пациент бар. 

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 8 016 науқас. 

Симптомсыз 537 науқас бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде