Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Тоқаев Елбасы туралы заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуін тоқтату туралы конституциялық заңдарға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
17:20 07.02.2022
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды", - делінген жарлықта.
Бұған дейін Мәжіліс депутаттары Сенат енгізген мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігінің күшін жоюға қатысты түзетулерді қолдаған болатын. Бұл норма "Тұңғыш Президент - Елбасы туралы" Конституциялық заңда жазылған.
Сондай-ақ, заң жобасында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуінің күшін жоятын түзетулер бар екені айтылған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram