Алдағы күндері 30 градус аяз болады
Синоптиктер 8, 9 және 10 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Фото: ratel.kz
18:04 07.02.2022
Қазақстан аумағының басым бөлігіне ай аяғына қарай Екатеринбург аудандарынан келетін циклон әсер етеді.
"Осыған байланысты ауа райы тұрақсыз сипатта болады. Жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, жел күшеюі мүмкін. Ай аяғына қарай, Қазақстанның солтүстік, шығыс, орталық өңірлеріне Батыс Сібір аудандарынан келетін антициклон әсер етеді. Сондықтан жауын-шашын тоқтап, температура төмендейді", - делінген хабарламада.
Солтүстік өңірлерде түнде 15...28 градусқа дейін, орталық өңірлерде 15...25 градусқа дейін, ал шығыста 15...30 градусқа дейін аяз болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары