Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Еліміздe 9 блокбекет жұмыс істеп тұр
Еліміздің аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шаралары жалғасып жатыр.
20:23 07.02.2022
Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты.
«Қазіргі уақытта министрлік елдегі жағдайды одан әрі тұрақтандыру бойынша жұмыс жүргізуде. Жеке құрам ерекше режим жағдайында қызмет атқаруда. Еліміздің барлық өңірлерінде ішкі істер органдарының 17 мыңнан астам қызметкері мен әскери қызметшілері жұмылдырылған «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шаралары жүргізілуде», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Оның атап өтуінше, іс-шара аясында тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен қаруларды анықтау мақсатында аулаларды аралау, жалдамалы пәтерлерді, фермерлік шаруашылықтарды және өзге де нысандарды тексеру қамтамасыз етіледі.
«9 блокбекет жұмыс істеп тұр. Оларға 200 қызметкер тартылған. 6 «Рубеж» бекеті бар. Олар өтіп бара жатқан автокөлікте тыйым салынған және ұрланған заттардың бар-жоғына тексеру жүргізеді», - деді Санжар Әділов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram