Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Семейде 29 жастағы жігіттің гаражынан қару-жарақ арсеналы табылды
Семей қаласында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу шарасы жүріп жатыр.
10:05 08.02.2022
Оның аясында 29 жастағы ер адамның гаражынан 16 калибрлі «ЗК» және «ИЖ» маркалы екі тегіс ұңғылы мылтық, сондай-ақ 5,6 мм калибрлі «Страж» моделінің сигналдық револьверінен тұратын қару-жарақ арсеналы табылды. Қазір тәртіп сақшылары аталған азаматтың бұл қаруды қандай мақсатта сақтағанын анықтап жатыр.
«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді», - дейді ШҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Шаяхметов.
Құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жалғасып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram