{metadescription}
Көкшетауда 14 жасар оқушы қыз үйінен кетіп қалған

Көкшетауда 14 жасар оқушы қыз үйінен кетіп қалған

Ақмола облысында із-түзсіз кеткен жасөспірім қыз табылды.

Ақмола полицейлері облыс орталығының 14 жасар тұрғынын іздеп, тауып берді. 6 ақпанда Көкшетау қалалық полициясының кезекші бөліміне қала тұрғыны хабарласып, 2008 жылы туған қызының кешкі 18.00 шамасында үйден шығып кетіп, қайта оралмағанын жеткізген.

Қызды іздеуге департаменттің және аумақтық бөлімшелердің жеке құрамы жұмылдырылды. Іздеу жұмысы адам көп жиналатын жерлерде, қоғамдық орында, сауда орталықтары мен базазарларда, иесіз қалған ғимараттарда жүргізілді.

7 ақпанда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жасөспірімді тапты. Ол өзінің 2006 жылы туған танысының үйіне қонып шыққан. Қазіргі таңда қыз туыстарына тапсырылды. Өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.