{metadescription}
Алматыны қалың тұман басты

Алматыны қалың тұман басты

Алматы қаласын түннен бері қалың тұман басып тұр.

Бұған дейін «Қазгидромет» Алматы тауларында қалың тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескерткен еді. Оңтүстiк-бастыстан жел соғып, оның екпiнi ceкундына 15-20 метрге жетпек. Сонымен қатар, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде қар жауады.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде көктайғақ болады, тұман түсіп, солтүстік пен шығыста жел күшейеді. Еске сала кетейік, кеше Алматыға дымқыл қар жауды. Оның қалындығы 20 см жетті. Қолайсыз ауа райынан 8 көлік апаты болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.