Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Боксшы Иван Дычко британдық промоутермен келісімге қол қойды
Probellum британдық промоутерлік компаниясы өз сайтында жеңіліп көрмеген қазақстандық аса ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычкомен серіктестік бастағанын мәлім етті.
12:10 08.02.2022
Компания қазақстандық спортшыға көмектеседі.
«Қазақстандық Иван Дычко (11-0, 11-і нокаутпен) 2017 жылы кәсіби дебют жасағаннан кейін жұртшылықтың назарын керемет ойынымен өзіне аударып келеді. Соңғы рет ол 2021 жылдың желтоқсанында ресейлік Александр Устиновинді жеңді. Оның қазіргі дене тұрпаты Дычконың әуесқой мансабын тамашалаған адамдарға таңғаларлық дүние емес. Ол 2012 және 2016 жылдары Олимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ спортта кейіннен танымал болған Энтони Джошуа, Джо Джойса және Probellum-мен таяуда келісім жасаған Баходир Джалолов секілді бірқатар спортшымен жұдырықтасты», - деді компаниядан.
Иван Дычко соңғы рет 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өткен жекпе-жегінде ресейлік ардагер Александр Устиновті (36-6-1, 27 КО) бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді, деп жазады ҚазАқпарат.
Қазақстан боксшының рингке қашан оралатыны әзірге белгісіз. Иван Дычко Probellum британдық промоутерлік компаниясымен келісімге қол қойғаннан кейін компанияға алғысын айтты.
«Мен Bulldog Boxing және Probellum-мен жұмыс жасап жатқаным үшін қуаныштымын. Олар менің әлем чемпионы атануыма көмектесенетініне 100% сенімдімін. Олардың маған артқан сеніміне рахмет айтамын және бірге тарихқа кіреміз», - деді Иван Дычко.
Сондай-ақ компания президенті Ричард Шейфер былай деді: «Біз болашағы жарқын, талантты боксшы Иван Дычкомен келісім жасасқанымызға өте қуаныштымыз».
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram