{metadescription}
Қарағанды облысында екі сарбаз әскери гарнизоннан қашып кетті

Қарағанды облысында екі сарбаз әскери гарнизоннан қашып кетті

Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша оларда өздерімен бірге қару-жарақ жоқ.

Қарағанды гарнизонының сарбаздары әскери бөлімнен кетіп қалды. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"2022 жылдың 8 ақпанында Қарағанды гарнизонында мерзімді борышын өтеп жүрген екі әскери қызметші әскери бөлімді өз бетімен тастап кетті. Өздерімен бірге қару болмаған", - делінген ақпаратта.

Қазір әскери полиция органдарымен және облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталады. Тергеу нәтижелері бойынша кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады. Өзге мәліметтер жарияланбайды, деп мәлімдеді министрлік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.