Қарағанды облысында әскерден қашқан екі сарбаз табылды
Әскери бөлімді өз бетімен тастап кеткен сарбаздар табылды.
13:38 08.02.2022
Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметке сенсек, Қарағанды облысында әскери бөлімнен кетіп қалған сарбаздар табылған. Жедел-іздестіру шаралары барысында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің жүрген жері белгілі болды.
Қазіргі уақытта әскери қызметшілер ұсталды. Аталған фактіге қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр. Еске сала кетейік, 8 ақпанда Қарағанды гарнизонында мерзімді қызметтегі екі әскери қызметші әскери бөлімді өз еркімен тастап кеткені хабарланған еді.
Қолдарында қару болмаған. Оқиғаны тергеу нәтижесі бойынша кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!