Президент АЭС туралы: Бізге атом энергиясы қажет
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында елде АЭС салу мүмкіндігі туралы пайымын айтты.
Фото: vestikavkaza.ru
14:34 08.02.2022
«Біз электрмен жабдықтау жүйесінің жұмысында тұрақты іркілістерге тап болдық. Ең жарқын мысал-жақында елдің оңтүстігінде электр қуатын өшірумен байланысты болды. Біз шекаралас мемлекеттердің энергия жүйесіндегі жұмыстың сапасына ішінара тәуелдіміз. Жауапты адамдардың атом станциясының құрылысы туралы сұрақтарға жауап беруден неліктен қашқақтайтынын түсінбеймін. Турасын айту керек: таза атом энергиясынсыз біз инвестициялар туралы айтпағанда, бүкіл экономикамызды жоғалтып аламыз, өңірлік көшбасшылығымызды жоғалтамыз. Бізге электр энергиясы қажет, ал атомдық, таза электр энергиясы керек...Атом энергетикасының маңыздылығын кәсіби түрде түсіндіру қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!