Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Бейжіңде Абайдың әніне биледі
Бейжің Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы жекелей сын бәсекелері өтіп жатыр.
Фото: rus.lsm.lv
14:43 08.02.2022
Олимпиада төрінде Абайдың "Айттым сәлем, Қаламқас" әні де шарықтады. Қысқы бағдарламада сынға түскен латвиялық Денис Васильев жарысты осы әуенмен бастады. Атап айтар болсақ, Васильев Карл Дженкинстің "Sarakiz" және "Мононоке ханшайым" саундтрегі "The Battle Drums"-ті қысқы бағдарламаға таңдаған. Түрлі әуендердің жиынтығынан құралған туынды Абай әнінен бастау алған. Мұны жарыс комментаторлары да атап өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Айта кетелік, Денис Васильев 1999 жылы Латвияда дүниеге келген. Ол жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері. Латвия біріншілігінің төрт дүркін жеңімпазы және Таллинде өткен Еуропа чемпионатының қола медаль иегері.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram