Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Тоқаев «Алтын Орда» базарын тәртіпке келтіруді тапсырды
Президент екі бірдей әкімге (Алматы және Алматы облысы) үкіметпен бірлесіп «Алтын Орда» базарында тәртіп орнатуды тапсырды.
15:08 08.02.2022
«Сауда-саттықта делдалдыққа тоқтау салатын кез келді. Алматыда тұратын 3 миллион адам көп жағдайда «Алтын Орда» базарынан тауар сатып алады. Алматы мен Алматы облысының әкімдеріне Үкіметпен бірлесіп, осы базарда тәртіп орнатуды тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.
Президент басқа аймақтардағы базарларды да делдалдардан тазарту қажеттігін жеткізді.
«Қажет болса, бұл жұмысқа құқық қорғау органдары атсалыссын. Екі ай уақыт беремін», - деп атап көрсетті Тоқаев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram