{metadescription}
Тоқаев «Жаңа Қазақстанның» басты құндылықтарын атады

Тоқаев «Жаңа Қазақстанның» басты құндылықтарын атады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында халыққа ұсынылып отырған «Жаңа Қазақстан» саясатының басым бағыттарын атады.

«Жаңа Қазақстанды» құру үшін әділ әрі түсінікті мемлекеттік саясат жүргізілуі керек. Бұл саясат санасыз шенеуніктердің жөнсіздігіне жол бермейді. Бәсекеге және технологияға негізделген экономиканы қалыптастырады. Сонымен бірге жеке меншікке, адамның құқықтары мен бостандығына қол сұғылмауына заң үстемдігі арқылы кепілдік береді», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қ.Тоқаев «Жаңа Қазақстанды» құруға әр азаматтың атсалысуын сұрады.

«Барлық азаматтарға бірдей мүмкіндік жасайтын да осы саясат. Әркім Қазақстанның болашағына жауапты екенін сезініп, ортақ іске үлесін қосуы керек. Жұрт мемлекеттен ашық әрі түсінікті саясат жүргізуді талап етеді. Осы талапқа сай болуымыз қажет», - деді Президент.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.