Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды
Алматыда коронавирус жұқтырған 1405 науқас ем қабылдап жатыр.
Фото: liter.kz
19:10 08.02.2022
Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті. 7 ақпан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 445 адам коронавирус жұқтырған.
Барлық емделіп шыққандар – 280, келіп түскені – 147
«Инфекциялық стационарларда 1 405 адам бар (төсек-орын 3310 ). Оның ішінде 99 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 107 адам жатыр.
Ал 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 37 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 24 аппарат жұмыс істейді.
7473 пациент М едициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында.
Оның ішінде індетке шалдыққан орташа ауыр жағдайда – 6 967 науқас.
Симптомсыз 506 науқас бар.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram