Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Елордада биік ғимарат жермен-жексен болды
8 ақпан күні кешке тұрғындар гүрс еткен дауысты естіген.
10:56 09.02.2022
Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтанда сыртқы істер министрлігі ғимаратының жанындағы тағы бір ғимарат құлатылғаны туралы видео тарады. 8 ақпан күні кешке сол маңайдағы тұрғындар гүрс еткен дауысты естіген.
Әлеуметтік желі қолданушылары үйінің қасында ұзақ уақыт бойы салынып жатқан құрылыс ғимаратының опырылып құлауы қандай әсер қалдырғанын жазып жатыр. Олардың пікірінше, мұндай шара туралы халықты алдын ала хабардар ету керек және қас қарайған кезде өткізбеген жөн.
"Astana"әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі бұл нысанды салу кезінде құрылыс жұмыстарының ережесі бұзылғанын, сондықтан оны бұзу туралы шешім қабылданғанын хабарлады.
"Сонымен қатар ұзақ уақыт тұрып қалуы салдарынан конструкциялар бүлінген. Айта кетері, жер телімі инвестордың атына бекітілген", - деп толықтырды корпорация.
Дереккөз: sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram