Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
«Алматыда қызды арыққа лақтырған» – жолда түсірілген видео пайда болды
Алматыда көліктердің бірінің жүргізушісі қызды арыққа лақтырып жібергені туралы ақпарат тарады.
11:50 09.02.2022
Оқыс оқиға Алматыдағы Сәтпаев пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында болған. Кейінірек зардап шеккен адам қыз емес, мас жігіт екені анықталды. Алайда бұл жағдай жүргізушіні жазадан құтқармайды.
«Біз жүргізуші арыққа лақтырып кеткен қызға қатысты біраз жайтты анықтадық. Бүгін Kris-P Almaty Сәтбаевта көлік қозғалысына кедергі келтірген ер адамның (алдын ала болжам бойынша мас) видеосын жариялады. Күртесіне қарағанда, бұл сол «қыз», - деп хабарлады Qumash telegram арнасы.
Айта кетері, жас жігіт медициналық көмекке жүгінбеген, деп жазады sputnik. Жолдағы қылығы үшін оған айыппұл салынды. Ал оны соққыға жыққан адамды полиция іздеп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram