Түркістан облысында 42 жастағы әйел жиырма күннен бері табылмай жатыр
Түркістан облысында 42 жастағы әйел жоғалып кетті.
12:27 09.02.2022
Облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сенсек, Кентау қалалық полиция бөліміне жоғалған әйелдің жұбайы арызданған. Ол әйелінің із-түссіз жоғалғанын жазып, көрсеткен.
Жоғалған әйелді тез арада табу үшін Түркістан облысының полицейлерінен арнайы топ құрылып, жан-жақты іздестіру жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда іздестіру жұмыстарының ауқымы кеңейтіліп, барлық облыс, қалаларға әйелдің жеке басы мен түр-тұлғасы бойынша мәліметтер фотосуретімен бірге жолданды.
Түркістанның полицейлері әйелдің баруы мүмкін аймақтарды, әрбір орынды жіті тексеріп, іздеу жұмысына жұмылдырылды. Осы тұста, із-түссіз жоғалған Арайлым Қасымханқызын аман есен тауып, отбасына қайтару үшін оны танитын, не болмаса көрген-білген адамдар болса тез арада полицияға хабарласуларын сұраймыз.
Арайлым Қасымханқызы 1980 жылы туған. 20 қаңтар сағат 01:00 шамасында тұрғылықты мекенжайынан белгісіз бағытқа шығып, бүгінгі күнге дейін қайта оралмаған.
Сондай-ақ, жоғалған әйелдің үстінде ақ түсті күртеше, сұр түсті жемпір мен қара белдемше, аяғында қара түсті етік болған. Арнайы белгілері: бойы 155-160 см, арық денелі, шашы қара (ұзындығы иығына дейін).
Іздеу жарияланған әйел туралы қандай да бір ақпарат болса, Кентау ҚПБ кезекші бөліміне 8(725)3639002, 3-25-03, 3-34-61,8-747-933-19-85, 8-702-640-64-59 немесе полицияның 102 нөміріне хабарлауға болады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!