Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қаңтар айында Алматы қаласында іскерлік белсенділік төмендеді –ҰБ
Ұлттық банк қаңтар айының іскерлік белсенділік индексі туралы түсініктеме жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
14:01 09.02.2022
Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймардановтың айтуынша, қаңтар айында республика бойынша іскерлік белсенділік индексі төмендеп, «50» көрсеткішінда тұрақтаған. 2021 жылдың желтоқсанында бұл шама 50,6 еді.
Бұл тұжырымды Ұлттық банк маманы 459 кәсіпорында жүргізілген сауалнаманың жауаптарын негізге ала отырып шығарған.
«Индекстің төмендуі құрылыс саласы мен қызмет көрсету секторында көрсеткіштің 45,7 және 49,4-ке дейін төмендеуімен байланысты болды. Бұл өз кезегінде жаңа тапсырыстар көлемінің және жұмыспен қамту деңгейінің төмендеуімен түсіндіріледі. Өнеркәсіпте көрсеткіш жоғарылап, 51,8 деңгейінде қалыптасты (2021 жылғы желтоқсанда – 50,7)», - дейді Ұлттық банк өкілі.
Аймақтар арасында 7 өңірде іскерлік белсенділік жақсарып, 10 өңірде нашарлаған. Неғұрлым жоғары деңгей Солтүстік Қазақстан (60,7) және Түркістан (54,4) облыстарында тіркелсе, неғұрлым төмен деңгей Қызылорда облысы (44,1) мен Алматы қаласында (44,7) байқалған.
«Қызылорда облысы мен Алматы қаласында іскерлік белсенділік үш секторда да төмендегенін атап өткен жөн. 2022 жылғы қаңтарда ағымдағы бизнес-жағдай теріс бағаланды: оң және кері бағалардың айырмасы бойынша жауаптар теңгерімі (-)2,3 құрады.
Кәсіпорындар сұраныстың төмендегенін атап өтті: жауаптар теңгерімі 2021 жылғы ақпаннан бері алғаш рет теріс мәнге ие болып, (-)5,9 құрады. Инфрақұрылымның бағалауы да 2021 жылғы қаңтардан бері алғаш рет теріс мәнге ие болып, (-)2,8 құрады. Бағалаудың жақсаруы тек бизнесті қорғау мәселелеріне қатысты болды. Алайда баға әлі теріс болып қалып отыр (-2,3)», - деп жазады Жандос Шаймарданов.
Дегенмен алдағы жарты жылға деген болжам оптимистік сипатта деуге болады.
«Болашақ жағдайды бағалау 17,9 құрады (2021 жылғы желтоқсанда – 15,2). Сонымен қатар ағымдағы бизнес жағдайдың бағасы нашарлап, (-)2,3 құрады (2021 жылғы желтоқсанда (-)0,1). Нәтижесінде экономика бойынша бизнес ахуал индексі 7,5-ке дейін төмендеді (2021 жылғы желтоқсанда – 7,7).
2022 жылы қаңтарда сауалнамаға 459 кәсіпорын, соның ішінде құрылыста – 67, өнеркәсіпте – 175, қызмет көрсету саласында – 217 нысан қатысты», - дейді Ұлттық банк департаментінің директоры.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram