Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Түркістан облысы әкімінің өкімімен Дастан Әлтеев Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысы қызметіне тағайындалды.
14:34 09.02.2022
Дастан Әлтеев - Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде «құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2003 жылы Арыс қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінде бастаған.
2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы департаментінің заң және кадрлар жұмысы бөлімінде, 2006-2012 жылдары облыстық қаржы департаментінің бас маманы, мемлекеттік сатып алуды және бір жолғы талондар беруді ұйымдастыру бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.
2012-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасының заң қызметі және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы, мемлекеттік сатып алу басқармасының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің басшысы болды.
2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Ал, 2018 жылдан бері Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram